Кешегi өткен ер Әбiш
Елден бiр асқан ерек-тi.
Жүрегi жылы, бойы құрыш,
Туысы жаннан бөлек-тi.
Өнерi оның жұрт асқан,
Ғылымға көңiлi зерек-тi.
Аямаған ғарiптен
Қолдан келген көмектi.
Кiсiге сiдет жүктетпей,
Еңбекпен тапқан қоректi.
Бiреудiң, қылған қарызын
Айтқызбай артық төлептi.
Боямасыз ақ көңiл,
Кiрлетпей кеттi жүректi.
Ойламаған өлiмнен
Жасқанамын демек-тi.
Тағдырға тәбдiл бола ма,
Сабырлық қылсақ керектi.